Сіздерді Ұлыстың ұлы күні – Наурыз мерекесімен шын жүректен құттықтаймын!

Сіздерді Ұлыстың ұлы күні – Наурыз мерекесімен шын жүректен құттықтаймын!

Құрметті Әйтеке би ауданының тұрғындары!

Сіздерді Ұлыстың ұлы күні – Наурыз мерекесімен шын жүректен құттықтаймын!
Наурыз – бұл тек көктемнің келуі ғана емес, ол – жаңару мен жаңғырудың, береке мен бірліктің, ізгілік пен татулықтың мерекесі. Сан ғасырлық тарихы бар бұл ұлық күн ата-бабамыздың салт-дәстүрін ұлықтап, ұлттық құндылықтарымызды жаңғыртуға жол ашатын ерекше кезең.

Табиғатпен бірге адамзат та жаңарып, жаңа үміттер мен игі бастамаларға қадам басады.
Елімізде қабылданған жаңа Конституция -халықтың әл-ауқатын арттыруға, әділетті қоғам қалыптастыруға бағытталған маңызды қадамдарға бастау болары анық.Бұл әрбір азаматтың құқықтары мен мүмкіндіктерін кеңейтіп, ел дамуының жаңа кезеңіне жол ашарына сенім мол.Осындай игі бастамалардың нәтижесі әр отбасына береке мен тұрақтылық әкелсін деп тілейміз.
Әйтеке би ауданы да елімізде болып жатқан оң өзгепрістерден шет қалмай, қарқынды дамып келеді.

Ауданымыздың өркендеуі – бірлігіміздің, еңбегіміздің және ортақ мақсатқа деген сеніміміздің жемісі. Алдағы уақытта да осы бағыттан таймай, ел игілігі үшін аянбай еңбек ететін боламыз.
Ұлыс оң болсын, ақ мол болсын! Әр шаңыраққа құт-береке, ырыс пен ынтымақ тілеймін! Көктеммен бірге келген Наурыз мейрамы әрқайсымызға шаттық пен жаңа жетістіктер сыйласын!
Мереке құтты болсын!

Құрметпен Әйтеке би ауданының әкімі
Д. Тоғызбаев