Зейнетақы активтерін инвестициялық басқару платформасы не үшін қажет?

Зейнетақы активтерін инвестициялық басқару платформасы не үшін қажет?

Салымшылардың жинақтарын басқаруға арналған бірыңғай ақпараттық интернет-портал invest.enpf.kz – зейнетақы активтерін басқарушылар туралы негізгі ақпаратты бір цифрлық кеңістікте біріктіретін заманауи ресурс.

Платформада инвестициялық қызмет туралы деректер жүйелі түрде ұсынылады. Бұл пайдаланушыларға зейнетақы активтерінің қалай басқарылып жатқанын түсінуге, сондай-ақ инвестициялық қызмет туралы ақпаратты ыңғайлы форматта алуға мүмкіндік береді.