
8 наурыз – Халықаралық әйелдер күні қарсаңында облыс әкімі А.Шахаров салтанатты жағдайда Мемлекет басшысы атынан бірқатар ақтөбелік аруларға мемлекеттік наградаларды табыстады.
Ел дамуына қосқан елеулі еңбегі мен кәсіби жетістіктері үшін бес нәзік жандылар жоғары марапатқа ие болды.
Біздің ауданымыздан білім саласына қосқан зор үлесі мен көпжылдық жемісті еңбегі үшін Комсомол жалпы орта білім беретін мектеп директоры Қыдырбаева Дина Әлиқызы Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың атынан «Ерен еңбегі үшін» мемлекеттік медалімен марапатталды.
Бұл – ұстаздық жолдағы адал еңбекке, жас ұрпақты тәрбиелеудегі жауапты қызметке берілген жоғары баға.
Марапат иесін лайықты наградасымен құттықтап, алдағы жұмысына табыс, мықты денсаулық және жаңа жетістіктер тілейміз!