Сіздерді 1 наурыз – Алғыс айту күні мерекесімен шын жүректен құттықтаймын!

Сіздерді 1 наурыз – Алғыс айту күні мерекесімен шын жүректен құттықтаймын!

Құрметті аудан тұрғындары!

Сіздерді 1 наурыз – Алғыс айту күні мерекесімен шын жүректен құттықтаймын!
Бұл күн – ең алдымен, бір-бірімізге деген ризашылық пен құрметті білдіретін ерекше мейрам.

Қиын кезеңдерде қазақ жеріне қоныс аударып келген түрлі ұлт өкілдерін бауырына басып, қамқорлық көрсеткен халқымыздың кең пейілі мен дархан көңілін еске алатын тағылымды күн. Алғыс айту – тек сөз емес, ол – жүректегі шынайы ықылас, адамгершіліктің айқын көрінісі.

Бүгінде ауданымызда түрлі этнос өкілдері тату-тәтті өмір сүріп, бір шаңырақ астында еңбек етіп келеді. Бұл – бірлік пен өзара сыйластықтың нәтижесі. Қоғамдағы татулық пен тұрақтылық – ортақ еңбектің, өзара түсіністіктің жемісі. Осындай ынтымақ бар жерде береке де, даму да болады.

Осы мерекеде ең алдымен ел тыныштығы мен бірлігі үшін еңбек етіп жүрген ардагерлерімізге, ақсақалдарымыз бен аналарымызға, түрлі сала мамандарына алғыс айтамын. Сіздердің адал еңбектеріңіз бен елге деген жанашырлықтарыңыз – кейінгі ұрпаққа үлгі.

Әр шаңыраққа амандық, денсаулық, бақ-береке тілеймін. Ынтымағымыз нығайып, бірлігіміз бекем болсын! Алғыс айту күні құтты болсын!

Ізгі тілекпен,
Әйтеке би ауданы әкімі
Д.Тоғызбаев перевод