
Ақтөбе облысында ауа райының қолайсыздығына, атап айтқанда қар мен боран салдарынан көріну деңгейінің күрт төмендеуіне байланысты республикалық маңызы бар автожолдарда қозғалыс уақытша жабылды.
Шектеу енгізілген учаскелер:
• Ақтөбе – Қарабұтақ – Қызылорда — барлық көлік түрлері үшін
• Ақтөбе – Атырау — барлық көлік түрлері үшін
• Қандыағаш – Ембі – Шалқар – Ырғыз — барлық көлік түрлері үшін
• Ақтөбе – Әлімбет (Орск) — жүк және қоғамдық көлік үшін
• Ақтөбе – Орал — жүк және қоғамдық көлік үшін
• Ақтөбе – Мәртөк – РФ шекарасы («Жайсаң» өткізу бекеті) — жүк және қоғамдық көлік үшін
Жүргізушілерге жолға шықпай, қауіпсіздік шараларын қатаң сақтау және қозғалыстың қайта ашылуы туралы ресми ақпаратты қадағалап отыруға кеңес беріледі.