Әйтеке би аудандық ауруханасының басшысы болып КАПАШЕВ Мақсат Байранбайұлы тағайындалды

Әйтеке би аудандық ауруханасының басшысы болып КАПАШЕВ Мақсат Байранбайұлы тағайындалды

М.Капашев 1973 жылдың 25 тамызында Ақтөбе облысы, Байғанин ауданында дүниеге келген. Білімі жоғары. 1997 жылы Ақтөбе мемлекеттік медициналық институтын «Дәрігер – хирург» мамандығы бойынша бітірген.

Еңбек жолын Байғанин орталық аудандық ауруханасында дәрігер-хирург, кейін бас дәрігердің емдеу ісі жөніндегі орынбасары қызметінен бастаған.

2000 – 2006 жылдары Алға орталық аудандық ауруханасында дәрігер-хирург, емхана меңгерушісі, бас дәрігердің халыққа қызмет көрсету жөніндегі орынбасары қызметтерін атқарды.

2006 жылдан бастап Ақтөбе қаласындағы №1 қалалық емханасында дәрігер-хирург, хирургия бөлімінің меңгерушісі қызметінде 2016 жылға дейін жұмыс жасады.

2016 – 2021 жылдары аралығында Алға аудандық ауруханасының бас дәрігері қызметін атқарды.

2021 жылдың ақпан айынан бастап Ақтөбе қаласындағы №5 қалалық емханасында бас дәрігердің емдеу ісі жөніндегі орынбасары қызметін атқарды. 2022 жылдың тамыз айынан 2025 жылдың қыркүйек айына дейін Қобда аудандық ауруханасының бас дәрігері болды.

2025 жылдың қыркүйек айынан 2026 жылдың ақпан айына дейін Ақтөбе қалалық №2 емханасы басшысының орынбасары қызметін атқарды.

2026 жылдың ақпан айынан бастап Әйтеке би аудандық ауруханасының басшысы лауазымына тағайындалды.