
Қазақстан Республикасының азаматы болып табылатын (2025 жылғы 31 желтоқсанның соңындағы жағдай бойынша) барлық балалар «Ұлттық қор – балаларға» бағдарламасына енгізілген және оның қатысушысы болып табылады.
2026 жылы 18 жасқа толатын балалар (бала әлі 18 жасқа толмаған жылы) аударылған нысаналы талаптарын өздерінің БЖЗҚ-да ашылған нысаналы жинақтау шоттарына есептелетін нысаналы жинақтар түрінде алады.
2026 жыл бойынша бір балаға арналған нысаналы талаптардың сомасы Қазақстан азаматы болып табылатын балалардың саны бойынша деректерге (2025 жылғы 31 желтоқсанның соңындағы жағдай бойынша) және Ұлттық қордан есептелген балаларға арналған нысаналы талаптардың жалпы сомасы бойынша Ұлттық Банктен алынған ақпаратқа негізделе отырып есептелетін болады.