Әйтеке би ауданы тұрғындарын Рождество Христов мерекесімен құттықтауы

Әйтеке би ауданы тұрғындарын Рождество Христов мерекесімен құттықтауы

Құрметті жерлестер!
Сіздерді осы жарқын және мейірімді, ізгі ниетке толы Рождество мерекесімен шын жүректен құттықтаймын!
Бұл жарқын мейрам жақыныңызға деген ілтипат пен сүйіспеншілікті, ізгілік пен әділеттілікке деген сенімді білдіреді, рухани құндылықтарды нығайтады және адамдарды бейбітшілік пен келісімнің мәңгілік мұраттары айналасында біріктіреді.

Қазақстанның басты байлығы- әрқашан көпұлтты халқының бірлігі мен өзара құрметінде жатыр және солай болып қала беретіні сөзсіз. Бірлік, келісім және төзімділік – біздің мемлекеттілігіміз бен тұрақтылығымыздың берік негізі, елдің прогрессивті дамуының кілті.

Ауданның барлық православ тұрғындарына шын жүректен денсаулық, бақыт және жылулық тілеймін.
Рождество күнгі ақ ниетті тілектердің нұры үйлеріңізді бейбітшілік пен гүлденуге толтырып, қуаныш, өзара түсіністік, шыдамдылық және болашаққа деген сенімділік әкелсін. Рождество мерекесі құтты болсын!

Құрметпен,
Әйтекеби ауданының әкімі
Д. Тоғызбаев