
Қадірлі аудан тұрғындары!
Сіздерді қасиетті де қастерлі мереке – Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күнімен шын жүректен құттықтаймын!
Бұл күн – ғасырлар бойы азаттықты аңсаған халқымыздың асыл арманы орындалған, елдік пен ерліктің, бірлік пен рухтың салтанат құрған күні. Тәуелсіздік жолында жанын қиған бабалар рухына,
Желтоқсан құрбандарына бас иіп, тағзым етеміз.
Бүгінгі бейбіт өмір, тұрақтылық пен даму – сол ерліктің жалғасы, елге адал қызмет еткен азаматтардың еңбегінің жемісі. Бірлігі бекем жұрттың ғана болашағы баянды болмақ.
Еліміз аман, тәуелсіздігіміз тұғырлы болсын!
Жерімізде тыныштық, әр шаңырақта береке орнасын!
Тәуелсіздігіміз мәңгі жасай бергей!
Құрметпен Әйтеке би ауданы әкімі Д. Тоғызбаев