Ерікті зейнетақы жарналары бойынша төлемдерді қашан алуға болады?

Ерікті зейнетақы жарналары бойынша төлемдерді қашан алуға болады?

Ерікті зейнетақы жарналары (ЕЗЖ) есебінен зейнетақы төлемдерін міндетті зейнет жасына жетпей-ақ 50 жастан бастап рәсімдеуге мүмкіндік бар.

Төлемдер сондай-ақ келесі санаттағы тұлғаларға қолжетімді:
* мүгедектігі бар адамдарға;
* Қазақстан Республикасынан тыс жерге тұрақты тұруға кеткен шетелдіктерге және азаматтығы жоқ адамдарға.

Өтінішті қалай беруге болады?
✔ enpf.kz сайтындағы жеке кабинет арқылы
✔ БЖЗҚ мобильді қосымшасы арқылы
✔ Қордың кез келген бөлімшесі арқылы

Барлық жарна түрлері бойынша жинақ сомасын 24/7 режимде жеке кабинеттен бақылауға болады.

«БЖЗҚ» АҚ еске салады:
ерікті зейнетақы жарналарын тұрақты түрде аудару –
болашақтағы зейнетақы капиталыңызды ұлғайтып, төлемдердің жоғары болуын қамтамасыз етудің тиімді және қарапайым тәсілі.