Әйтеке би ауданында дәстүрлі «Сыбаға» этнофестивалі өтеді!

Әйтеке би ауданында дәстүрлі «Сыбаға» этнофестивалі өтеді!

«Сыбаға» дәстүрлі этнофестивалі – ата-бабадан қалған, бай мұраны жаңғыртып, ұлттық құндылықтарды жас ұрпақтың бойына сіңіруге бағытталған бірегей мереке.Қазақ халқының қонақжайлық, береке-бірлік және дастарқан мәдениетін дәріптейтін ұлттық мереке. Фестиваль барысында қонақтар қазақтың ет тарту рәсімдерімен, сыбаға үлестіру дәстүрімен, ұлттық тағамдармен, салт-дәстүр мен ұлттық ойындармен танысады. Мақсаты – ұлттың рухани мұрасын насихаттап, ұрпақтар сабақтастығын сақтау.

4 желтоқсан «Тағылым» күні.
10-00:18:00
Білім беру ұйымдарында жалпы ұлттық құндылықтарды дәріптейтін танымдық шаралар мен шеберлік сағаттары өтеді.

5 желтоқсан
«Дәстүрлер жаңғырығы»
10:00-10:30 «Көнеден қалған тағамдар» тағамдар көрмесі
10:30-11:00 «Дәуір дефилесі» ұлттық нақыштағы және қазақ аналарының ұлттық киім үлгісіндегі киімдер көрсетілімі Ұлттық киімдер шеруі
11:00-12:00 «Алтыбақан» ойын сауық жастардың шарасы
Өтетін орны : Мәдениет үйі кіре беріс алаңы

6 желтоқсан
«Салбурын күні».
10:00-11:00 Асық ату
11:00-12:00 Садақ ату және Арқан тартыс
12:00-15:00 «Соғым-Ел асы» аудан тұрғындарына соғым сыбағасын тарату.
Өтетін орны: Аудандық Балалар мен Жасөспірімдер спорт мектебінде

Барша аудан тұрғындар мен қонақтарын фестивальді жоғары деңгейде атап өтуге шақырамыз.