
Әйтеке би ауданының кәсіпкер қыз-келіншектері жақында өткен “Women Forward: Бизнес. Шағын технологиялар”форум-көрмесіне және Түркі мемлекеттерінің кәсіпкер-әйелдер кеңесінің IV Бас Ассамблеясының кеңейтілген отырысына қатысып, үлкен шабытпен оралды.
Кәсіпкер әйелдерімізге осындай мүмкіндік жасап, бағыт-бағдар бергені үшін Іскер әйелдер кеңесінің төрайымы Күлпаршын Айдархановаға алғысымыз
зор!
Күлпаршын Айдарханованың сөзі ерекше есте қалды :“Осындай форумдарға қатысу — тек тәжірибе емес, нетворкинг, идея алмасу, көкжиегіңді кеңейту.Іскер әйелдердің дамуы-еліміздің негізінің дамуы! ” -деген қанатты сөз бен мен сенім – бізді қанаттандырды.
Әйтеке би ауданынан Нұржанова Базаргүл – іскерлігі мен табандылығы үшін “BEDELDI BIZNES” медалімен-марапатталды.
Ауданымыздан Жұмабекова Гүлжанат қатысып, өз кәсібі — ешкі сүтінен жасалатын табиғи өнімдерді таныстырып, көрмеге ұсынды. Бұл — біздің өңірдің экологиялық таза өнім өндіруге қабілетті екенін көрсететін үлкен мүмкіндік болды.
Шара барысында Қытай, Түркия, Қырғызстан, Қазақстаннан келген кәсіп иелерінің тәжірибесін тыңдап, өз кәсібін дамытуға бағыт алған Гүлжанат форумнан жаңа серпінмен оралды.
Жұмабекова Гүлжанаттың сөзі:
«Форумға қатысып, кәсібімді халықаралық деңгейде таныстыру — мен үшін үлкен мәртебе. Ауылда отырып та сапалы өнім жасап, оны үлкен ортаға шығара алатынымызға көзім жетті».