
Александр Чемоданов 1958 жылы 1 қаңтарда Қазақстан Республикасы, Ақтөбе облысы, Новоалексеевка ауылында дүниеге келген. 1975 жылы Қарабұтақ орта мектебін бітіргеннен кейін Т. Шевченко атындағы совхоздың құрылыс учаскесінде жұмысшы болып еңбек жолын бастады.
1976 жылы Орал қаласындағы Батыс Қазақстан ауылшаруашылық институтының агрономия факультетіне оқуға түсіп, оны 1981 жылы жақсы нәтижемен аяқтады.
1981 жылы Комсомол сортсынақтау учаскесінде еңбек жолын бастап, 1983 жылы Щербаков совхозында бас агроном қызметін атқарды.
1988 жылы жалпы жиналыста ХХІІ партсъезд атындағы совхоздың директоры болып сайланды.
1993 жылы «Қарашатау» акционерлік қоғамының басқарма төрағасы болып сайланды.
1997 жылы «Қарашатау» акционерлік қоғамы «Қарашатау» өндірістік кооперативіне өзгертілгеннен кейін бас директор болып тағайындалды.
1999 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін қайта құрылған «Құмқұдық» ЖШС директоры болып жұмыс істейді.
Сонымен қатар, Александр Федорович облыстық мәслихаттың бірнеше мәрте депутаты болып сайланды.
Александр Федорович Чемоданов басшылығымен «Құмқұдық» ЖШС мал шаруашылығымен айналысады, негізінен жылқы өсіреді.
Қазіргі уақытта шаруашылықта 1 396 бас асыл тұқымды ірі қара мал және 515 бас жылқы бар.
2022 жылы 1000 басқа арналған мал бордақылау алаңы салынып, іске қосылды. Бүгінгі күні 70 бас жылқы және 300 бас ірі қара қазан айынан бастап бордақылау алаңы жоспарлануда
Шаруашылықтың машина тракторлық паркі 143 түрлі ауылшаруашылық техникаларымен жабдықталған.
Александр Федорович басқарған «Құмқұдық» ЖШС-сі, Құмқұдық ауылдық округтің әлеуметтік салаларының дамуына үлкен үлесін қосып, ауылдағы жалғыз басты қарттарға, көп балалы және аз қамтылған отбасыларға үнемі қолдау көрсетіп келеді.
Марапаттары
—«Астананың 10 жылдығы» мерекелік медалі (2008 ж.),
—«Жыл адамы-2010» құрметті атағы, —«Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 20 жыл» мерекелік медалі (2011 ж.),
—«Қазақстан еңбегі сіңірген қайраткері» құрметті атағы (1999 ж.), —«Тыңға-50 жыл» мерекелік медалі (2004 ж.),
—«Қазақстан Республикасының Парламентіне 10 жыл» медалі (2006 ж.), —«Жылдың үздік адамы» құрметті атағы (2009 ж.),
—«Құрмет» ордені (2014 ж.), «Ауыл шаруашылығы саласының үздігі» (2014 ж.), —«Қазақстан маслихаттарына 20 жыл» мерекелік медалі (2015 ж.),
—«Қазақстан Республикасының құрметті депутаты» медалі (2015 ж.), I дәрежелі «Еңбек Даңкы» төсбелгісі (2018 ж.), «Құрметті ардагер» медалі (2020 ж.), «Қазақстан Тәуелсіздігіне 30 жыл» медалі (2021 ж.),
—Әйтеке би ауданының «Құрметті азаматы» атағы (2021 ж.)
Александр Федорович Чемоданов асыл жар үлгілі әке – ауданның абыройлы және сыйлы азаматтарының бірі.