
Астана қаласында “Ауыл” партиясының ұйымдастыруымен Еңбек адамы мен белсенді жастарды кұрметтеудің салтанатты рәсімі өтті. Бұл іс-шара 2025 - Жұмысшы мамандықтар жылының мәнін айшықтай түсті.
Қазақстан Республикасы Парламенті мәжілісінің депутаты Жигули Молдақалықұлы Дайрабаев Мемлекет басшысының атынан озат еңбегі үшін “Құмқұдық” ЖШС-нің бас инженері Айтжан Берік Зарутайұлын “Құрмет” орденімен наградтады.
Айтжан Берік Зарутайұлы “Құмқұдық” ЖШС-де ұзақ жылдар бойы табандылықпен еңбек етіп келеді.
Бұл награда – Мемлекет басшысының қарапайым еңбеккерлерге деген жоғары бағасы мен ерекше құрметінің көрінісі.
Жерлесімізді алған марапатымен құттықтаймыз!