ТАҒАЙЫНДАУ!

ТАҒАЙЫНДАУ!

ҚР Ауыл шаруашылығы Министрлігі Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Әйтеке би аудандық аумақтық инспекциясының басшысы лауазымына Житомир Төрежанұлы тағайындалды.

Житомир Төрежанұлы 1971 жылғы 11 қаңтарда Ақтөбе облысы, Ырғыз ауданы, Құтикөл ауылында дүниеге келген.
Білімі жоғары
- 1992 жыл - Алматы мал дәрігерлік институтын “Ветеринария” мамандығы бойынша тәмәмдаған;
- 2002 жыл - Орта Азиялық университетінен “Юриспруденция” мамандығы бойынша білім алған.

Еңбек жолын Ырғыз совхозының №2 фермасына аға малдәрігері ретінде бастаған.
1999-2023 жылдары аралығында Ырғыз ауданы әкімі аппаратында, аудандық әділет басқармаларында түрлі лауазымдағы мемлекеттік қызметтерде болды.

2023 жылдың 4 қаңтарынан бастап бүгінгі күнге дейін ҚР Ауыл шаруашылығы Министрлігі Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Ырғыз аудандық аумақтық инспекциясының бас маманы қызметін атқарып келді.