
Әйтеке би ауданының тұрғындары мен қонақтары !
«Халық заңгері» республикалық акциясы өтеді! Осы акция аясында кез келген азамат өз құқықтарын қорғау және заңға қатысты мәселелер бойынша құқықтық кеңес ала алады. Сонымен қатар мемлекеттік органдар өкілдеріне тікелей жүгініп, сұрақтарыңызға нақты жауап табуға мүмкіндік бар.
Өтетін күні: 31 қазан
Өтетін орны: «Целлинник» мәдениет үйі, Т. Жүргенов көшесі, 67
Акция барысында ауданымыздың үздік заңгерлері мен заң саласының қызметкерлері сондай-ақ мемлекеттік органдардың мамандары азаматтарды қабылдап, кез келген құқықтық мәселе бойынша кеңес береді.
Неғұрлым толық және нақты ұсыныстар алу үшін өзіңізбен бірге ісіңізге қатысты құжаттарыңызды ала келуді ұмытпаңыз!
Жалпы Республикалық деңгейдегі ұйымдастырушылар:
Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы, Әділет министрлігі, мемлекеттік билік органдары, Zakon.kz желілік басылымы, «Параграф» ақпараттық жүйесі, Республикалық адвокаттар алқасы, сондай-ақ еліміздің үздік заңгерлері мен адвокаттары.
Көмектесу үшін бірігеміз!