
«QazaqGaz Aimaq» АҚ Ақтөбе өндірістік филиалы Әйтеке би газ шаруашылығының директоры лауазымына Кулкаев Дархан Мұратұлы тағайындалды.
Кулкаев Дархан Мұратұлы 1992 жылдың 12 қарашасында Ақтөбе облысы, Қобда ауданы, Қобда ауылында дүниеге келген. Білімі жоғары.
– 2012 жылы «Ақтөбе Мұнай және Газ» колледжін «Техник-механик» мамандығы бойынша тәмамдаған,
– 2022 жылы С. Байшев атындағы Ақтөбе университетінен «Мұнай және газ ісі» мамандығы бойынша жоғары білім алған.
Еңбек жолын 2012 жылы «ҚазТрансГазАймақ» АҚ Ақтөбе өндірістік филиалында үй ішілік газ жабдықтарын жөндеу слесарі ретінде бастаған.
2016–2024 жылдары «Интергаз Орталық Азия» АҚ Ақтөбе магистральдық газ құбырларын басқару бөлімінде Қобда және Ойыл газ шаруашылықтарында желілік аралаушы, диспетчер және шебер қызметтерін атқарған.
2024 жылдан бері «QazaqGaz Aimaq» АҚ Ақтөбе өндірістік филиалы Хромтау газ шаруашылығында инженер лауазымында еңбек етіп келді.