1 Қыркүйек – Білім күні құтты болсын!

1 Қыркүйек – Білім күні құтты болсын!

Құрметті ұстаздар, оқушылар, ата-аналар және барша аудан тұрғындары!

Сіздерді 1 Қыркүйек – Білім күнімен және жаңа оқу жылының басталуымен шын жүректен құттықтаймын!
Бұл күн – ұстаздар үшін жаңа міндеттер мен ізденістердің, оқушылар үшін жаңа білім мен жетістіктерге бастар жолдың, ал ата-аналар үшін үміт пен сенімнің бастамасы.

Білім – елдің болашағы, ұлттың тірегі. Жас ұрпаққа сапалы білім мен саналы тәрбие беруде ұстаздарымыздың еңбегі өлшеусіз. Сондықтан сіздерге зор алғысымды білдіремін.

Биыл ауданымызда жалпы 4180 оқушы білім алады. Соның ішінде 353 бүлдіршін алғаш рет мектеп табалдырығын аттап, білім әлеміне қадам басқалы отыр.

Оқушыларға – ізденіс пен білімге құштарлық, ұстаздарға – қажырлы еңбек пен шығармашылық, ата-аналарға ұрпағын саналы, сапалы азамат болып тәрбиелеу ісіне береке тілеймін.

Жаңа оқу жылы баршамызға құтты болсын!
Білімнің шұғылалы жолы жарқын болсын!

Ізгі тілекпен, Әйтеке би ауданы әкімі Д. Тоғызбаев