Құрылысшылар күні құтты болсын!

Құрылысшылар күні құтты болсын!

Құрметті құрылыс саласының қызметкерлері мен ардагерлері!
Сіздерді тамыз айының екінші жексенбісінде атап өтілетін кәсіби мерекелеріңіз – Құрылысшылар күнімен шын жүректен құттықтаймын!
Құрылыс-адамзат баласымен бірге жасап, біте қайнап келе жатқан байырғы қадірлі кәсіптің бірі және бүгінгі қоғам өмірінде де маңызды мамандықтардың бірі.
Бүгінгі салтанатты жиынға қатысып отырған Сіздер өз салаларыңыздың майталман маманысыздар, өздеріңіздің шебер қолдарыңыз арқылы ауыл мен ауданның көркеюіне, халықты әлеуметтік нысандармен,жеңілдікпен берілетін қажетті тұрғынжайлармен қамтуға үлес қосудасыздар.
Әрбір сапалы құрылыс аясында құрылысшы ретіндегі аялы алақандарыңыздың ізгілікті, игілікті ізі жатыр.
Сіздердің адал еңбектеріңіздің арқасында ауданымызда қаншама құрылыс жүруде. Әсіресе, өткен жылғы тасқыннан кейін салынған тұрғын үйлерді мерзімінен бұрын беруде жанқиярлықпен еңбек еткендеріңіз белгілі. Сан салалы құрылыстың барлығы халық жағдайын жақсартуға, аудан экономикасын дамытуға ықпал етері сөзсіз.
Мемлекет құрылыс индустриясын дамытуға және тұрғын үй құрылысын қолдауға аса назар аударады. Себеьі, оның дамуы мен жетілуі бірқатар салалардың қарқын алуына және көптеген әлеуметтік мәселелердің шешілуіне ықпал етеді.
Құрметті құрылысшылар мен құрылыс саласының ардагерлері, жоғары кәсіби шеберліктеріңіз, адалдық, жанқиярлық және шығармашылық жұмыстарыңыз үшін шын жүректен алғыс айтамын! Сіздерге мықты денсаулық, бақыт және жаңа кәсіби жетістіктер тілеймін!