Құрметті Әйтеке би
ауданының тұрғындары!
Ардақты ағайын!
Баршаңызды бас қаламыз – Астана қаласының күнімен шын жүректен
құттықтаймын!
1998 жылы Еуразия төрінде, Сарыарқаның төсінде заманауи Елорда
бой көтерді. Бас қаланы Алматыдан Ақмолаға ауыстыру – бұл қазақ елінің тәуелсіз ел атанып, елдің даму жолы мен мемлекеттің қалыптасуын ойлап, болашағын баянды ету мақсатында қабылданған тарихи шешім болды.
Бүгінде құла даладан өркендеп, дамуға бет түзеген, Арқа төсінде сәні
мен салтанаты жарасқан, сәулеті талайларды тамсандырған
Елордамыз – Тәуелсіздігіміздің тірегіне, экономикамыздың жүрегіне, әлем елдері бас қосатын достық мекеніне айналды.Осылайша, еліміздің бас қаласы барлық өңірлері үшін дамудың ерекше үлгісін көрсетті. Елордаға қарап бой түзеген, біздің ауданымыз да жыл сайын өркендеп, экономиканың барлық салаларында даму көрсеткіштері сақталуда. Ең бастысы – аймақта тұрақтылық,түсіністік пен азаматтық, достық келісім бар. Бұл біздің басты жетістігіміз
деп білеміз.
Елорда күні мерекесі қарсаңында отбасыларыңызға амандық, зор ден-
саулық, толағай табыстар тілеймін.
Туымыз тұғырлы, егемендігіміз еңселі, еліміз ғұмырлы болсын! Бас қаламыз гүлдене берсін!
Құрметпен,
Аудан әкімі Д.Тоғызбаев.