Құрметті, аудан тұрғындары!
Баршаңызды Ұлттық Домбыра күнімен құттықтаймын!
Ұлтымыз үшін қастерлі саналатын, мұңы мен шерін, қуанышы мен сезімін жеткізе білген қадірлі аспабымыз- домбыраның қос ішегінен тарихымыз төгіліп тұрғандай жанымызға қуат, жүрегімізге шуақ болатыны белгілі.
Ұмытыла бастап, қайтадан қалыптастырылған ұлттық кодымыздың бірі сананалған домбырамыздың даңқын асқақтата түсуге бағытталған мерейлі мерекенің әр қазақ баласына берері мол екені белгілі.
Халқымыздың құлақ құрышын қандырып, әуезімен ұлттық рухты әлдилеген Құрманғазы, Тәттімбет, Дәулеткерей, Қазанғап, Дина, Сүгір секілді бармағына күй ұялаған бабаларымыздан мирас болып қалған күй өнерінің өріс алып,өркендеуі жолында бұл күннің алар орны ерекше.
Домбыра- қазақтың киесі, қасиеті, қазынасы.
Ұлттық домбыра күні - Рухани жаңғырудың әдемі көрінісі.
Сіздерді бүгінгі мерейлі мерекемен құттықтай отырып, бақытты да баянды өмір, зор денсаулық, жемісті еңбек, шаңырақтарыңызға шаттық пен қуаныш, құт-береке тілеймін.
Құрметпен, Д. Тоғызбаев,
Әйтеке би ауданының әкімі.