«Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры» АҚ Қоғамдық кеңесінің 30-отырысы өтті.
Күн тәртібіне сәйкес, зейнетақы активтерін басқарушылардың қызметін бағалау кезінде композиттік бенчмаркты енгізу аясындағы алдағы жаңашылдықтар жөнінде ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің бағалы қағаздар нарығы департаменті директорының орынбасары Алмабек Жанбеков баяндама жасады.
Сондай-ақ, «Актуарлық талдау: демографиялық үрдістер мен зейнетақы жинақтарының ағындары» тақырыбында «БЖЗҚ» АҚ стратегиялық даму департаменті директорының орынбасары Абылай Жексембай баяндама жасады.