Сіздерді мерейлі мерекелеріңізбен шын жүректен құттықтаймын!
Бүгінгі күні мемлекеттік қызметшілерге үлкен міндеттер жүктеліп отыр.
Өздеріңіз білесіздер,мемлекеттік қызметшінің жұмысы терең білімділік пен іскерлікті ғана емес, үлкен жауапкершілікті талап етеді. Сондықтан, адам құндылығына қызмет ету қашанда мерейлі екенін ойласақ, өз тағдырын сеніп тапсырып, сіздердің кәсіби шеберліктеріңіз бен біліктіліктеріңізге үміт артқан жандардың көңілінен шығу әрқашан қиын.
Қазіргі жаһанданудың өрелі биігіне қол созған кезде тәуелсіз елімізді өркендету жолында еселі еңбек етіп жатқандарыңызға шынайы ризашылығымды білдіремін.
Шын жүректен зор денсаулық, бейбітшілік, өзара келісім, отбасыларыңызға амандық, халыққа қызмет ету жолындағы адал еңбектеріңізге сәттілік тілеймін!
Құрметпен,
Әйтеке би ауданының әкімі Д.Тоғызбаев.