БЖЗҚ сайты мен мобильді қосымшасындағы арнайы бөлімнен келесі анықтамаларды алуға мүмкіндігіңіз бар:
Зейнетақы шоттары туралы анықтама:
Ресми анықтама – қажетті мекемелерге ұсыну үшін беріледі;
БЖЗҚ-да сіздің атыңызға ашылған зейнетақы шоттарының (МЗЖ, МКЗЖ, ЕЗЖ) бар немесе жоқ екенін растайды.
Жеке зейнетақы шоты бойынша үзінді көшірме:
Зейнетақы шотыңызға түскен барлық жарналардың толық тарихын көрсетеді.
Инвестициялық кіріс көлемін көрсетеді.
Таңдалған кезеңдегі шотта жүргізілген барлық операцияларды қамтиды.
Қалай алуға болады:
Жеке кабинет → «Қызметтер» бөлімі → қажетті анықтаманы таңдаңыз.
www.enpf.kz
ENPF мобильді қосымшасы