Медицина қызметкерлері күні құтты болсын!

Медицина қызметкерлері күні құтты болсын!

Құрметті медицина қызметкерлері!
Қадірлі сала ардагерлері!
Сіздерді кәсіптік мерекелеріңіз – медицина қызметкерлері күнімен шын жүректен құттықтаймын!
Адам өмірін ұзартуға септігін тигізіп, ажалдан арашалаушы дәрігер мамандығын халқымыз ежелден қастерлеп, құрметтеген.
Елімізде денсаулық саласын дамыту, тұрғындарға заман талабына сай, қолжетімді және сапалы медициналық қызмет көрсету жолында бар мүмкіндіктер жасалуда.
Ауданымыздың денсаулық сақтау саласында бар білімдеріңіз бен біліктіліктеріңізді
жұмсап келе жатқан

Сіздердің еңбектеріңіз қандай да болсын, құрметке
лайық. Сондықтан мемлекет тарапынан да, ауданымыз бойынша да қалыпты еңбек етулеріңіз үшін барлық жағдай жасау қолға алынып келеді.
Аудандағы емдеу мекемелерін кадрлармен қамту, материалдық базасын жақсарту
бағытында аз жұмыс жасалып жатқан жоқ. Барлығы да халық игілігі үшін екені белгілі.
Ардақты ақ халатты абзал жандар!
Шығыс ойшылы Конфуций «Адамзатқа шапағат жасау - мейірімділік пен батырлықтың шыңы» деген екен. Ендеше, адам жанын арашалау жолындағы ерен еңбектеріңізге, ши-палы алақандарыңызға, мейірімді жүректеріңізге алғысымыз шексіз. Сіздерді төл мерекелеріңізбен құттықтай отырып, отбасына амандық, дендеріңізге саулық, күш-жігер, жаңа
табыстар тілеймін!
Құрметпен,аудан әкімі Д.Тоғызбаев.