Сіздерді Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздер күнімен шын жүректен құттықтаймын!

Сіздерді Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздер күнімен шын жүректен құттықтаймын!

Құрметті жерлестер!
Сіздерді Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздер күнімен шын жүректен құттықтаймын!

Мемлекеттік рәміздер еліміздің егемендігі мен берекелі бірлігінің,ұлтаралық татулық пен бейбітшіл саясатты айқындайтын нақышты нышан болып табылады.Сондықтан, өз елі мен жерін,мемлекетін қадірлейтін әрбір қазақстандық үшін Ту, Елтаңба және Әнұран – ұлттық мақтанышының, болашаққа деген сенімінің көрінісі.

Рәміздерге деген құрмет – азаматтардың өз елінің азаматы екендіктерін қаншалықты деңгейде түйсінуінің, ел болашағына деген сенімінің және патриоттық сезімдерінің өлшемі, мақтанышымыз.

Біз өзіміз де, ұрпағымызды да мемлекеттік символар арқылы ұлжандылыққа, татулыққа, ынтымаққа тәрбиелейміз.Ал, осы үшеуі елдің бірлігін бекемдейді.

Баршаңызға денсаулық, бақыт, молшылық және әрқашан бейбіт аспан тілеймін.

Қазақстанымыздың тәуелсіздігі мәңгілік болсын, Мемлекеттік рәміздеріміз әрқашан биікте желбіресін!
Мереке құтты болсын!

Құрметпен, Әйтеке би ауданының әкімі Д.Тоғызбаев.