Әйтеке би аудандық аумақтық сайлау комиссиясының
Қ А У Л Ы С Ы
Әйтеке би ауданы
Аралтоғай және Қайрақты ауылдық округтері әкімдерінің
сайлауын тағайындау туралы
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңының 113-1-бабы 1-тармағының 1)-тармақшасына сәйкес Әйтеке би аудандық аумақтық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
- Әйтеке би ауданы Аралтоғай және Қайрақты ауылдық округі әкімінің сайлауы 2025 жылғы 18 мамырға тағайындалсын.
- Ауылдық округ әкіміне кандидаттарды ұсыну 2025 жылғы 10-шы сәуірден басталып және ұсыну мерзімінің аяқталуы 2025 жылғы 22-ші сәуірде жергілікті уақыт бойынша сағат он сегізге дейін болып белгіленсін.
- Аралтоғай және Қайрақты ауылдық округтері әкімдерінің кандидаттарды тіркеу мерзімінің аяқталуы 2025 жылғы 27-ші сәуірде жергілікті уақыт бойынша сағат он сегізге дейін болып белгіленсін.
- Осы қаулы Әйтеке би аудандық аумақтық сайлау комиссиясының интернет-бетінде және аудандық «Жаңалық жаршысы» газетінде жариялансын.
Әйтеке би аудандық
аумақтық сайлау комиссиясының
төрағасы С.М.Таласбаев
Әйтеке би аудандық
аумақтық сайлау комиссиясының
хатшысы С.Ә.Рампеилов
Темірбек Жүргенов ауылы,
2025 жылғы 9 сәуір,
№ 12