Әйтеке би аудандық сайлау комиссиясының хабары
2021 жылғы 20 тамызда Ақтөбе облысы Әйтеке би аудандық аумақтық сайлау комиссиясы «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық Заңының 113-1-бабына сәйкес Әйтеке би ауданының Ақтасты ауылдық округінің әкімін сайлауды 2021 жылғы 19 қыркүйекке тағайындады.
Ақтасты ауылдық округінің әкімін сайлау бойынша сайлау округі құрылды.
2021 жылдың 19 қыркүйекке тағайындалған Ақтасты ауылдық округінің әкімінің сайлауын дайындау мен өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың Күнтізбелік жоспары бекітілді.
Ауылдық округ әкіміне кандидаттар ұсыну 2021 жылғы 21 тамыздан басталады.