7-мамыр Отан Қорғаушылар күні

7-мамыр Отан Қорғаушылар күні

Жамбыл ауылдық клубында аудандық мәдениет үйі қызметкерлерінің ұйымдастыруымен 7-мамыр Отан қорғаушылар күніне орай концерт өткізілді. Концерт барасында ауыл әкімі Ғ. Атымтаев ер азаматтар қауымын мерекемен құттықтап, аудан, ауыл көлеміндегі мәдени іс-шараға ат салысып жүрген және де осы жылғы көктемгі су тасқынына қарсы жүргізілген жұмыстарда белсенділік танытқан азаматтарға рақметін жеткізіп, алғыс хаттар табыстады.