ҚР Президенті Қасым-Жомар Кемелұлы Тоқаевтың "Әкімдердің халықпен кездесулерін өткізу туралы" 2022 жылғы 3 наурыздағы 826 Жарлығына сәйкес Әйтеке би ауданының әкімі Д.К.Тоғызбаев және ауыл әкімі Ғ.З.Атымтаевтың Жамбыл ауылдық округі тұрғындарымен кездесуі өтті. Кездесу барысында ағымдағы жылдың 1-ші жартыжылдығында атқарылған жұмыстар баяндалды. Көп жылдан бері көтеріліп жүрген мәселе ауыз суға фильтр орнату мәселесі шешілгеніне ауыл тұрғындары аудан әкіміД.Тоғызбаевқа алғыс айтып, алдағы жұмыстарына табыс тіледі
Сонымен қатар көктемгі су тасқыны кезінде іс-шараларға белсенді ат салысқан ауыл азаматтары И.Ескалиев, Т.Нұрлыбекұлы және Б.Амантаев аудан әкімінің алғыс хатымен марапатталды.