
1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күніне орай “Балдәурен” МДҰ - ның тәрбиеленушілеріне қуаныш сыйлап, мерекелік көңіл күй сыйлаған Жамбыл шекара бөлімшесінің ұжымына және ауылымыздың кәсіпкері, «Айнұр» дүкенінің иесі Телеубаева Мария Ойльбаевнаға шынайы алғысымызды білдіреміз!
Сіздердің балаларға деген қамқорлықтарыңыз, мейірім мен жанашырлықтарыңыз бүлдіршіндердің жүздеріне күлкі сыйлап, мерекелерін ерекше әсерге бөледі. Игі істеріңізге толағай табыс, отбасыларыңызға амандық, еңбектеріңізге береке тілейміз! Балалардың қуанышы мен бақыты жолындағы игі қолдауларыңыз үшін үлкен рақмет!