
«БЖЗҚ» АҚ-да «Ашық есік күні»: БЖЗҚ жаңа инвестициялық порталын ұсынады
2026 жылғы 28 сәуірде БЖЗҚ барлық ниет танытушыларды "Ашық есік күні" дәстүрлі онлайн-кездесуіне шақырады. Онда Қор мамандары invest.enpf.kz жаңа инвестициялық порталы және оның салымшылар үшін ашатын мүмкіндіктері туралы алғаш рет егжей-тегжейлі айтып береді.
Зейнетақы жинақтары – бұл болашаққа арналған қаражат қана емес, сонымен бірге тиімді басқаруға болатын қаржы ресурсы. БЖЗҚ салымшыларының міндетті және міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын 50%-ға дейін және ерікті зейнетақы жарналары есебінен қалптастырылған жинақтарын 100%-ға дейін инвестициялық портфельді басқарушыға (ИПБ) бере отырып, оның кірістілігіне ықпал ету мүмкіндігі бар. ИПБ зейнетақы қаражатын табыс алу мақсатында инвестициялық декларацияда көзделген акцияларға, облигацияларға, валюталарға және басқа да қаржы құралдарына инвестициялайды.
Бұл үдерістерді барынша түсінікті ету үшін жаңа инвестициялық портал іске қосылды. Портал салымшыларға инвестициялық қызмет туралы білімін арттырып, зейнетақы жинақтарын басқару үшін саналы шешімдер қабылдауға көмектеседі.
Кездесу барысында сіз келесі мәліметтермен таныса аласыз:
- платформа қалай жұмыс істейді;
- зейнетақы активтерін инвестициялау жүйесінің құрылымы қандай;
- инвестициялық көрсеткіштерді қалай талдап, стратегияларды қалай салыстыруға болады;
- басқарушыны таңдағанда неге назар аудару керек;
- өз мүмкіндіктеріңізді саралау үшін invest.enpf.kz порталын қалай пайдалануға болады;
- салымшылардың болашақ зейнетақыға әсер ету үшін қандай нақты құралдары бар.
Қалай қатысуға болады?
Іс-шараға тіркеліңіз.
https://www.enpf.kz/kz/press-center/news/282415/
Кестеге сәйкес онлайн-сессияға қосылыңыз.
Сұрақтарыңызды қойып, толық жауап алыңыз.