🔰Ақтөбе облысында шегірткемен күрес жұмыстары басталып кетті

🔰Ақтөбе облысында шегірткемен күрес жұмыстары басталып кетті

Өңірдегі фитосанитарлық жағдай тұрақты.
Ақтөбе облысында шегіртке зиянкестерімен күресу үшін химиялық өңдеу жұмыстары басталды.

Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің Ақтөбе облыстық аумақтық инспекциясының мәліметі бойынша шамамен 520 мың гектар аумақ өңделетін болады. Оның 368,5 мың гектары жерүсті әдісімен, 144,6 мың гектары авиациялық әдіспен өңделеді. Тапсырманы орындау үшін 95 бірлік бүрку техникасы жұмылдырылады.

«Жағдайды талдау көрсеткендей, биылғы көктемнің күрт жылынуына байланысты шегіртке дернәсілдері ертерек пайда болды. Дернәсілдердің шыққаны 30 сәуірде тіркелді. 19 мамырдағы жағдай бойынша 193 мың гектардан астам аумақ зерттеліп, нәтижесінде 19,95 мың гектардан шегіртке зиянкестері анықталды. Өңделетін аумақ 9,07 мың гектарды құрайды. Бүгінгі таңда 6263 мың гектар алқап өңделді. Мониторинг жұмыстарына 602 инспектор қатысып жатыр», - деді аумақтық инспекцияның басшысы Асылхан Әбтиев.

Биылғы жылдың 14 мамырында химиялық өңдеу жұмыстары Шалқар ауданында басталып, бүгінге дейін Шалқар, Ырғыз, Ойыл, Алға және Қобда аудандарында жалғасуда. Облыс қажетті пестицидтермен толық қамтамасыз етілген. Қазіргі уақытта Ақтөбе облысындағы фитосанитарлық жағдай тұрақты.