
“Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры” Қаржы журналистикасы мектебіне қатысуға шақырады.
Күні: 13 наурыз
Уақыты: 10:00–13:00
Формат: Онлайн/оффлайн
Тілдері: қазақ және орысша
Бұл жолғы мектеп «Зейнетақы активтерін басқару» тақырыбына арналады.
Іс-шара барысында:
ҚР Ұлттық банкінің өкілдері баяндайды:
▪️зейнетақы активтерін басқару
▪️портфельді әртараптандыру
▪️ нарықтағы үрдістер
▪️басқару тиімділігін арттыру туралы баяндайды.
Инвестициялық портфельді басқарушы компаниялар мәлімет береді:
▪️2026 жылғы инновациялар
▪️инвестициялық стратегияны қалыптастыру тәсілдерімен бөліседі.
БЖЗҚ сарапшылары түсіндіреді:
▪️зейнетақы активтерін кім және қалай басқаратынын
▪️ИПБ-ны қалай таңдау керектігін түсіндіреді.
Іс-шарада ИПБ таңдау бойынша жаңа цифрлық портал таныстырылады.
Қатысу үшін алдын ала тіркелу қажет.
Өтінімді press@enpf.kz электрондық поштасына жіберіңіз:
▪️ Аты-жөні
▪️ БАҚ атауы
▪️ WhatsApp нөмірі
Шақыру сілтемесі іс-шараға бір күн қалғанда жіберіледі.
Мектеп бағдарламасы қосымша жолданады.