Болашақ зейнетақы мөлшеріңіз қанша болады?

Болашақ зейнетақы мөлшеріңіз қанша болады?

БЖЗҚ сайтында қолжетімді зейнетақы калькуляторы болашақтағы зейнетақы төлемдерінің мөлшерін болжамды есептеуге мүмкіндік беретін ыңғайлы онлайн-құрал.

❓Неліктен бұл маңызды?

Болашақ зейнетақы көлемі еңбек өтіліне, табыс деңгейіне және жарналардың тұрақты аударылуына тікелей байланысты. Сондықтан уақытылы тексеріп, қаржылық болашағыңызды жоспарлаған жөн.

Есептеу үшін қажет деректер:

✔️туған күні

✔️еңбек өтілі

✔️жалақы мөлшері

✔️жинақ көлемі және жарналардың жүйелілігі

Жеке кабинетіке кірген кезде деректердің бір бөлігі автоматты түрде толтырылады.

🥇Кеңес:

Есептеу кезінде ерікті зейнетақы жарналарын қосып көріңіз калькулятор болашақ төлемнің қалай өсетінін бірден көрсетеді.