
Зейнетақы бірнеше құрамдас бөліктен қалыптасады, ал жинақтаушы бөлік бүгінгі күні маңызды рөл атқарады. Болашақтағы төлемдердің мөлшері зейнетақы жарналарының тұрақтылығына тікелей байланысты.
Қандай жарна түрі бар?
МЗЖ – қызметкердің жалақысынан 10%.
МКЗЖ – зиянды және қауіпті өндірістердегі қызметкерлер үшін 5% (жұмыс беруші есебінен).
ЖМЗЖ – жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналары (2026 жылы –3,5%, 2028 жылға дейін кезең-кезеңімен 5%-ға дейін өседі).
Өзін-өзі жұмыспен қамтыған азаматтар үшін арнайы салық режимдері аясында жеке шарттар қарастырылған.
Неге бұл маңызды?
* Тұрақты жарналар еңбек өтілін растайды
* Жарналардың мөлшері мен тұрақтылығы болашақ төлемдер көлеміне тікелей әсер етеді
* Ерікті жарна зейтенақы мөлшерін ұлғайтып, 50 жастан бастап төлем алуға мүмкіндік береді
Жеке зейнетақы шотыңызды бақылап, жарналардың уақытылы төленуін қадағалап отыруға кеңес береміз.