
2025 жылғы 1 қазанындағы жағдай бойынша, бағдарламаның іске қосылған сәтінен (2024 жылғы 1 ақпаннан бастап) уәкілетті оператор жалпы сомасы 22,29 млн АҚШ долларынан астам болатын 156 956 өтінімді орындады. Қаражат кәмелетке толған азаматтардың тұрғын үй жағдайын жақсартуға және білім алуға ақы төлеуге бағытталды.
Барлығы 98 046 өтінім орындалып, жалпы сомасы 14,14 млн АҚШ долларын құрады, оның ішінде:
13,85 млн АҚШ доллары – тұрғын үй құрылыс жинақ салымдарын толықтыруға (95 786 өтінім);
101,44 мың АҚШ доллары – ипотекалық несие бойынша бастапқы жарна төлеуге (755 өтінім);
69,88 мың АҚШ доллары – азаматтық-құқықтық мәміле арқылы тұрғын үй сатып алуға (553 өтінім).
Барлығы 58 910 өтінім орындалып, жалпы сомасы 8,15 млн АҚШ долларын құрады, оның ішінде:
7,38 млн АҚШ доллары – Қазақстандағы оқу ақысын төлеуге (52 574 өтінім);
527,67 мың АҚШ доллары – білім беру жинақ салымдарын толықтыруға (4 477 өтінім);
194,54 мың АҚШ доллары – шетелде оқу ақысын төлеуге (1 526 өтінім).