Үкімет Жолдауды іске асыру жоспарын қабылдап, жолдағы қауіпсіздік мәселелерін пысықтайды
Бүгін сағат 16:00–де Үкімет отырысы өтіп, онда Министрлер кабинетінің мүшелері 2 маңызды мәселені талқыға салады.
Атап айтқанда, министрлер алдымен Мемлекет басшысының 2025 жылғы 8 қыркүйектегі Қазақстан халқына Жолдауын жүзеге асыру жөніндегі Жалпыұлттық іс-шаралар жоспарының жобасын қарайды.
Одан кейін жол қозғалысы мен жаяу жүргіншілердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселесін пысықтайды. Отырыс қорытындысы бойынша өтетін баспасөз конференциясына ішкі істер министрінің орынбасары Игорь Лепеха БАҚ өкілдерінің сауалдарына жауап береді.