Дербес зейнетақы жоспары

Дербес зейнетақы жоспары

Дербес зейнетақы жоспары

Өмірдің әр кезеңінде қаржылық тұрақтылық маңызды.
Ал зейнет жасында ол тіпті өзекті.

🔹Болашақ зейнетақыңыздың қандай болғанын қалайсыз? Мақсатыңызға жету үшін қанша жинақ жетіспейтінін білгіңіз келе ме?

Онда БЖЗҚ сайтындағы Жеке кабинеттегі «Дербес зейнетақы жоспары» қызметін қолданыңыз.

Бұл қызмет қандай мүмкіндік береді?
✅ Болашақта алғыңыз келетін зейнетақы көлемін белгілеп, ай сайын аударылуы тиіс жарна мөлшерін біле аласыз;
✅ Жоспардың орындалу барысын айлар мен жылдар бойынша берілген кесте арқылы бақылай аласыз;
✅ Қажет болған жағдайда, жоспарыңызды қалауыңызша түзете аласыз.

💻 www.enpf.kz сайты → Жеке кабинет → «Дербес зейнетақы жоспары».

Бай-қуатты болашағыңызды бүгіннен бастап жоспарлаңыз!