Сарат ауылдық округіне учаскелік полиция инспекторы болып полиция майоры Маленкин Ержан Абайұлы тағайындалды.
Әйтеке би аудандық полиция бөлімі бастығының бірінші орынбасары Ә.Темірбекұлы ауыл тұрғындарына жаңа учаскелік полиция инспекторын таныстырды. Е.Маленкин осыған дейін Үшқатты, Жамбыл ауылдық округтерінде қызмет атқарған. Ауылдық округ әкімі Т.Түкібаев қоғамдық тәртіпті қамтамасыз еткен үшін учаскелік полиция инспекторы аға лейтенант Абзал Есенұлына алғыс хат табыс етіп, жаңа қызметіне сәттілік тіледі.