Қарттарым-асыл қазынам

Қарттарым-асыл қазынам

 Қазақ "Қариясы бар елдің қазынасы бар ел" дейді. Қарияларды құрметтеп, ардақтау біз үшін - парыз. Себебі, әрбір белес, әрбір асу, ол бір із. Талай күндер төккен терімен толысып, талай жылдармен тоғысып, еңбектен соң келіп жеткен осындай бір мәртебелі белестің маңызы зор. Осы орайда ауыл қарияларына арналып мерекелік дастархан жайылып, мектеп өнерпаздарымен концерт берілді.

Ауылдық округ әкімі Т.Түкібаев ақыл-кеңестің, үлгі-өнегенің сарқылмас кешеніндей болған қазыналы қарттарымыздың, ақ жаулықты аналарымыздың, ардагер аға-әпкелеріміздің өнегелі істері мен ауылымыздың дамуы үшін төккен тері үшін шексіз алғысын білдіре отырып, "Сарат ауылына сіңірген еңбегі үшін" төсбелгісімен марапаттады.