Сіз білуіңіз керек:
Адамға қауіпсіз болып мұз қалыңдығы 10 см-ден. кем емес тұщы суда және 15 см-ден. кем емес тұзды суда болып табылады.
Өзен сағасы мен арналарында мұздың беріктігі төмендейді.
Мұз жылдам ағынды жерлерде, бұлақтар мен ағынды суларда, сонымен қатар су өсімдіктерінің, ағаштардың, бұталардың, қамыстардың қасында сынғыш болып келеді.
Егер де ауа температурасы үш күннен артық 0 градустан жоғары болса, онда мұздың беріктігі 25% төмендейді.
Мұз беріктігі бойынша материалды бекітеміз:
көгілдір түсті мұз – берік,
ақ түсті – беріктігі 2 есеге аз,
күңгірт ақ және сарғыш реңкті – берік емес.
Қысқы серуенге жеңілтек және алдын-ала дайындықсыз шығуға болмайды. Мұз астына құлағандарға шығу қиынға соғады, өйткені мұз шұңқырының шеттері оның ауырлығынан ойылып кетеді. Ересек адам немесе бала төрт сағаттан кейін болатын аса тоңазудың әсерінен суға батып кетуі мүмкін. Кейбірлерінде суық соққы болады.