
Облыс әкімінің тапсырмасына сәйкес Ақтөбе қаласындағы коммуналдық базарларда аудан өнімдерін өткізу жұмыстары жалғасуда. Қазіргі таңда Әйтеке би ауданының Аралтоғай, Ақкөл, Жабасақ, Басқұдық және Әйке ауылдық округтерінен әкелінген өнімдер 11-шағын аудандағы «Табыс» коммуналдық базарында тұрғындарға ұсынылуда.
Саудаға сүт өнімдері, сары май, құрт, құс өнімдері, қаймақ, тары-талқан, май және өзге де табиғи ауыл өнімдері шығарылған. Өнімдердің барлығы ауылдан жеткізілген, табиғи әрі қоспасыз.
Қазіргі уақытта тұрғындар тарапынан сұраныс жоғары. Әсіресе сары май, құрт, жұмыртқа және сүт өнімдері жақсы сатылуда. Тұрғындардың айтуынша, ауыл өнімдерінің сапасы жоғары, дәмі ерекше әрі бағасы қолжетімді.