Оба ауруының табиғи ошақтарын анықтау және оның алдын алу мақсатында арнайы жұмыстар жүргізілді

Оба ауруының табиғи ошақтарын анықтау және оның алдын алу мақсатында арнайы жұмыстар жүргізілді

Ақтөбе обаға қарсы күрес станциясы мамыр айында Аралтоғай, Қияқты елді мекендері аумағында оба ауруының табиғи ошақтарын анықтау және оның алдын алу мақсатында арнайы жұмыстар жүргізді.
Жұмыс барысында тышқандар мен кенелерден сынамалар алынып, оба ауруының бар-жоғы зерттелді. Сонымен қатар, оба ошағын анықтау, залалсыздандыру және жою бағытында тиісті профилактикалық шаралар атқарылды.
Мамандар тұрғындарға оба ауруынан сақтану жолдарын түсіндіріп, санитарлық қауіпсіздік талаптарын сақтау жөнінде кеңес берді.