
Аралтоғай ауылдық округінде Әйтеке би аудандық саз мектебінің Аралтоғай ауылдық филиалының би, хор, вокал және домбыра үйірмелерінің есеп беру концерттері өтті.
Концерт барысында өнерлі оқушылар өздерінің бір жыл бойы үйренген шығармашылық жетістіктерін көпшілікке паш етіп, ән айтып, би билеп, күй орындады. Көрермендер жас таланттардың өнеріне зор ықылас білдіріп, ыстық лебіздерін жеткізді.
Іс-шараның мақсаты – жас ұрпақтың өнерге деген қызығушылығын арттыру, ұлттық құндылықтарды дәріптеу және шығармашылық қабілеттерін шыңдау.
Өнерлі өрендеріміздің алар асуы биік, болашағы жарқын болсын! 🎤🎼
Концертті жоғары деңгейде өткізіп,ауыл балаларының уақытын тиімді пайдалануына және өнерге баулып жүрген саз мектебінің Аралтоғай ауылдық жетекшілері Қуанышев Берік,Әбдіхалық Нұргүл,Тағаш Аягөз,Ғалымжанова Айданаға алғыс білдіреміз