
7 мамыр – Отан қорғаушылар күніне орай Аралтоғай ауылында 1991 жылғы ауыл жастарының ұйымдастыруымен футболдан жылдар арасындағы тартысты жарыс өтті.
Жарысқа 10 команда қатысып, өзара мықтыны анықтады. Нәтижесінде:
🥇 1 орын – 1996 жылғы команда
🥈 2 орын – 2005 жылғы команда
🥉 3 орын – 1992 жылғы команда иеленді.
Бұл шара ауыл жастары арасында салауатты өмір салтын насихаттап, спортқа деген қызығушылықты арттырды. Осындай игі бастамалар жастарды бірлікке, достыққа және белсенді өмірге баулиды. Ойын жоғары деңгейде өтіп, көрермендерге ерекше көңіл-күй сыйлады.