
Әйтеке би аудандық АПБ басшысының орынбасары А. Даумов және ауылдық округ әкімі С. А. Дүйсенбаев, Аралтоғай ауылдық округі учаскесінің полиция майоры А.Ахметалин Аралтоғай ауылдық округі тұрғындарымен кездесу өткізді.
Кездесу барысында ауылдағы өзекті мәселелер талқыланды. Атап айтқанда, мал бағымын ұйымдастыру, екі айлық сенбілік аясындағы тазалық жұмыстары, тұрмыстық қалдықтарды шығару және мотоцикл құжаттарын рәсімдеу мәселелері көтерілді.
Жиын барысында тұрғындардың ұсыныс-пікірлері тыңдалып, тиісті түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Алдағы уақытта аталған бағыттар бойынша жұмыстар жүйелі түрде жалғасатын болады.