
Қияқты ауылында қуанышқа толы ерекше күн өтті. Көгілдір отынды іске қосу салтанатынан кейін ауыл тұрғындары тағы бір маңызды оқиғаның куәсі болды — балалар ойын алаңының ашылу рәсімі өткізілді.
Салтанатты шараға аудан әкімі Даулетияр Қанатұлы Тоғызбаев қатысып, ауыл тұрғындарын балалар ойын алаңының ашылуымен құттықтады. Ол бұл игі істің ауылдың әлеуметтік инфрақұрылымын жақсартып, жас ұрпақтың бос уақытын тиімді өткізуге мүмкіндік беретінін атап өтті.
Ауыл ақсақалы Карибай Болекбаев ақ батасын беріп, ал ауылдың ақ жаулықты анасы Мақпал Үксікбаева лентаны салтанатты түрде қиды.
Балалары мен немерелеріне арналған жаңа ойын алаңының ашылғанына аналар шашу шашып, қуаныштарын білдірді. Көптен күткен бұл игі іс ауыл тұрғындарының жүздеріне шаттық ұялатып, ерекше мерекелік көңіл күй сыйлады.