Қияқты ауылына көгілдір отын келді

Қияқты ауылына көгілдір отын келді

Іс-шараға аудан әкімі Даулетияр Қанатұлы Тоғызбаев пен Энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы басқармасының басшысы Айтбаев Арысұлан Нұранұлы арнайы қатысып, ауыл халқына жылы лебіздерін білдірді. Олар газ желісінің тартылуы ауыл өмірін жаңғыртып, тұрғындардың тұрмыс сапасын арттыруға мүмкіндік беретінін атап өтті.
Салтанатты жиын барысында ауыл ақсақалы Карибай Болекбаев бата беріп, лентаны қию рәсімін өткізді. Осыдан кейін көгілдір отын ауыл тұрғыны Амангелді Болекбаевтың үйінде қосылды.

Тұрғындар қуаныштарын жасыра алмай, ауылға келген бұл игі істің ел игілігі үшін жасалғанына ризашылықтарын білдірді. Көгілдір отынның келуі – ауыл өміріндегі жаңа кезеңнің бастауы болды.