Ұлғайсын ауылына көгілдір отын келді

Ұлғайсын ауылына көгілдір отын келді

Көптен күткен қуанышқа орай Ұлғайсын ауылында көгілдір отынды іске қосу салтанатты шарасы өтті. Іс-шараға аудан әкімі Даулетияр Қанатұлы Тоғызбаев, сондай-ақ Энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы басқармасының басшысы Айтбаев Арысұлан Нұранұлы қатысып, ауыл тұрғындарын құттықтады.

Аралтоғай ауылдық округінің әкімі С.А. Дүйсенбаев ауыл тұрғындарының өмір сапасын жақсарту мен тұрмыс деңгейін көтеруге үлес қосқан азаматтарға ризашылығын білдіріп, газ құбырларын жүргізу жұмыстарын атқарған «КазПромСтройГрупп» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі ұжымына алғыс хат табыстады.

Салтанатты шара барысында ауыл ақсақалы Қазым атай Лайқов бата беріп, көгілдір отынды іске қосу лентасын қиды. Одан кейін газ жүйесін қосу рәсімі ауыл тұрғыны Сейтқазы Дәрібаевтың үйінде жалғасты.

Ауыл тұрғындарының қуанышында шек жоқ, олар елдің тұрмыс жағдайын жақсартуға бағытталған бұл игі істің жүзеге асқанына зор ризашылықтарын білдірді.